in

Желбірейді Көк байрақ! «AMANAT» партиясының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған акциясы

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы «AMANAT» партиясы Орталық аппараты ғимаратының қасбетіне көлемі 24х12 метрді құрайтын мемлекеттік алып Ту ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Партия белсенділерінің бастамасымен жүзеге асырылған «Менің елім – менің Туым» акциясы ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аспан түстес Көк байрақ бостандықты, бейбітшілік пен бірлікті бейнелейді. Сондай-ақ ол азаматтардың жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, патриотизмге үндейді.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы төрт жыл қатарынан «Менің елім – менің Туым» республикалық акциясын өткізуде. Соның аясында ел аумағында мыңдаған Ту ілінуде.