Қазақстандық белгілі теннисшісі Зарина Диас әлеуметтік желідегі парағына Шавкат Рахмоновпен түскен суретін салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
“Чемпион”, – деп жазды Зарина Диас суретке.
Зарина Диас – WTA турнирінің жекелей сындағы жеңімпазы, сондай-ақ 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Қазіргі таңда ол WTA рейтингінде 232-орында тұр. Ал өз мансабында ең жоғары 31-орынға дейін көтерілген.
Шавкат Рахмонов UFC-дің рейтингінде жартылай орта салмақта үшінші орында тұр және P4P рейтингінің үздік 20 файтердің қатарына кіреді. Оның соңғы жекпе-жегі өткен жылдың желтоқсанында өтіп, онда ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді.