in

Жел, тұман, аяз: 19 қазан күнгі ауа райы болжамы белгілі болды

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. 19 қазан күні ауа райы тұрақсыз болып, жел күшейіп, тұман, көктайғақ және аяз күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Елордада түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1…+1°С, күндіз +7…+9°С шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 12 метрге дейін жетеді.

Атырау облысында желдің екпіні 20 м/с дейін күшейеді, өңірде өрт қаупі жоғары. Ақмола облысында түнде және таңертең тұман, желдің жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді. Жетісу, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында да қатты жел күтіледі.

Қызылорда облысында түнде 1–6°С дейін аяз байқалады. Маңғыстау облысында жел 18 м/с, өрт қаупі жоғары. Қарағанды және Жамбыл облыстарында түнгі уақытта тұман мен жел күшеюі күтіледі.

Синоптиктер азаматтарға ауа райы болжамдарын мұқият қадағалап, көлік қозғалысы кезінде сақ болуға кеңес береді.

«Қатты жел мен көктайғақ кезінде ұзақ жолға шықпау, ал ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.