in

Жігер Ауыпбаевтың қасындағы «Қойшы бала» арбатта ән айтып жүр

“Қойшы бала” лақап атымен танылған Айдос Кәден арбатта ән салып, көпшіліктің назарын тағы да өзіне аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кезінде ауылдағы қарапайым өмірден сахнаға көтерілген талант иесі бұл жолы да көрермендерді бейжай қалдырмады. Продюсерлерін сатып кеткен әнші бала енді өз бетінше тойларға шығып, арбатта ән салып жүрген көрінеді.

Бірақ әлеуметтік желілерде әншінің көше орындаушысы ретіндегі әрекеті қызу талқыға түсті. Бірі бұл қадамды қарапайымдылық пен шынайылықтың белгісі десе, енді бірі  “сахнадан түсіп, көшеге кетті” деп сынап жатыр. 

“Ай балам-ай, жүре бермедің бе, Жігердің қасында”, “Сүйреген адамдардың қадіріне жетпей далада қалды”, “Құтырып кетіп еді, жерге түсіпті ғой”, “Не болды, арбаттан бір-ақ шықтың ба”, “Өте жылтыр бала”, “Жаманның жетіскені жаман”, “Абыройы жоқ бала болдың ғой”, – деп жазды жұрт.