in

«Интервидение – 2025» байқауында Amre Қазақстан атынан өнер көрсетеді

Биыл 20 қыркүйек күні Ресейде халықаралық музыкалық «Интервидение – 2025» байқауының финалы өтеді. Қазақстан атынан бұл байқауға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Amre лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев қатысады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ернар Садырбаев 2018 жылы Витебск қаласында өткен «Славян базары» фестивалінде бірінші орын иеленді.

2021 жылы ол Қазақстанда өткен «Маска» телевизиялық шоуына қатысып, көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болды. Шоу барысында Ернар «Бүркіт» бейнесінде өнер көрсетіп, ерекше ықыласқа бөленді.

Әншінің тағы бір жеңісі – ресейлік «Голос» жобасына қатысуы. Бұл шоуда ол Дима Биланның командасына қосылып, финалға дейін жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.