in

«Келіннің бетін ашпайды»: маңғыстаулық блогер ерекше салтпен ұзатылды

Желіде маңғыстаулық Салтанат Аманқосова есімді блогер екінші рет тұрмыс құрды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

“Қазақтың салт-дәстүрі: екінші рет тұрмыс құратын әйелдің бетін ашпайды. Ақ орамалды анасы үйінен шыққан кезде иығына жауып жібереді. Келін болып түскен үйде анасының жапқан ақ орамалын ауыстырады. Орамал ауыстыру салт-дәстүрі. Орамал ауысқаннан кейін, келін-шәй”, –  деп жазды ол.

Желі қолданушылары мұндай салттың барын алғаш рет естіп жатқанын жазды, ал кейбірі екінші рет тұрмысқа шыққан қыздардың беташары болатынын да жеткізді.

Сондай-ақ блогер сырға салу дәстүрін де түсіндіріп кетті.

“Енем құлағыма бриллиант сырға мен сақинаны арнайылап өзі салды. “Өзіме жақын болсын деп ниеттеніп, өзім сырға салғым келді” деді”, –  деп жазды ол.