in

Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева 2026 жылғы Олимпиадада үздік жетілікке енді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1 500 метр қашықтықта жарыс өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасының атынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко бақ сынады.

Қазақстандық спортшылардың арасында ең үздік нәтижені Елизавета Голубева көрсетті. Ол 1:54.86 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жетінші орын алды.

Надежда Морозова 1:54.86 нәтижесімен 12-орынға тұрақтаса, Арина Ильященко 1:58.43 уақыт көрсеткішімен 24-орында жарысты аяқтады.

Нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонг 1:54.09 нәтижесімен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс медальді норвегиялық Рагне Виклунд (1:54.15) иеленсе, қола жүлде канадалық Валери Мальтеге (1:54.40) бұйырды.