Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен халықаралық BigONE криптовалюта биржасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келісімнің мақсаты – цифрлық активтер саласындағы салықтық әкімшілендіру, тәжірибе алмасу және кәсіби біліктілікті арттыру бойынша ынтымақтастықты нығайту.
Кездесу барысында тараптар келесі мәселелерді талқылады:
– криптоиндустрия мен экономиканы цифрландырудың даму перспективалары;
– Қазақстанның жаһандық криптонарықтағы негізгі қатысушылардың бірі ретіндегі өсіп келе жатқан рөлі;
– Қазақстан Республикасы Президентінің Crypto City құру және цифрлық активтер айналымына арналған заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі бастамасы.
Қазақстан тарапынан BigONE компаниясымен ынтымақтастық:
– криптовалюта операцияларының ашықтығын арттыруға;
– цифрлық ортада әділ әрі тиімді салық салуды қамтамасыз етуге;
– цифрлық активтер саласының тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді деген сенім білдірілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.