Спектакль халықаралық «Опералия» музыкалық фестивалі бағдарламасына енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сітеме жасап.
Балет неоклассикалық стильде сахналанып, заманауи хореографиялық шешімдермен толықтырылған. Көпке таныс оқиға күтпеген қырынан ашылады. Басты кейіпкер өзін жоғары сән әлемінде киім дизайнері ретінде танытуды армандайтын бойжеткен. Оның шағын шеберханасы қоймада жасырынған, бірақ сол жерден ол қиял-ғажайып сапарға аттанады. Ханзада да заманауи жігіт. Мұнда ол – композитор әрі диджей. Оны патша тағы да қызықтырмайды. Алайда оның мұндай өмір салтын көпшілік түсінбейді.
Оқиға өрбіген сайын кейіпкерлер өзгереді, өз болмысын сақтап қалу үшін күреседі. Сөйтіп, олар бірін-бірі кездестіріп қана қоймай, өмірлік сүйікті ісін де табады. Ертегінің жаңаша қойылуы жас көрерменге бір табан жақындатып, арман мен сенімге жетелейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.