in

Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге 700 миллиард теңге беріледі

Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту бойынша әртараптандыру жұмыстарын жалғастыруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, жеңілдетілген несиелеу тетіктері және диқандарды ресурстармен қамтамасыз ету туралы баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізат базасын қамтамасыз ету және баға ауытқуларының тәуекелдерін төмендету үшін осы жылы жалпы егіс алаңы шамамен 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға көп.

Жоғары рентабельді дақылдарға басымдық беріледі. 2026 жылға арналған егіс құрылымы мынадай өзгерістерді көздейді:

Азықтық дақылдар: 242 мың гектарға көбейеді;

Арпа: 94 мың гектарға; 

Жүгері: 90 мың гектарға (265 мың гектарға дейін жеткізу); 

Майлы дақылдар: 55 мың гектарға;

Картоп: 10,3 мың гектарға;

Бидай: 125 мың гектарға қысқарады (12,1 млн га құрайды).

Биыл көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруге 700 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Егер 2025 жылғы егіс науқанына ерте қаржыландыру 2024 жылдың қараша айының соңында басталған болса, 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінімдерді қабылдау өткен жылдың қазан айында басталды. Осының нәтижесінде, бүгінгі күні шамамен 1 900 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 200 млрд теңге сомасына қаржыландырылды, бұл жалпы қаржыландыру көлемінің шамамен 30%-ын құрайды және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық💬, — деді Айдарбек Сапаров.

Бұдан бөлек, Министрдің мәліметінше, егіс науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізу үшін 402 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген, ал ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейін 8%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.