Продюсер, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова желіде өзіне қолдау білдіріп жатқан жандарға алғыс айтып, көзіне жас алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол кино түсіріп жатқанын, туындысы қараша айында жарыққа шығатынын айтты.
«Көңілім қатты босап тұр, уайымдадым. Адам істегенді адам істей алады екен. Бүгін түсірілімнің соңғы күні. Барша қолдау білдірген жандарға алғыс білдіремін. Сіздердің сөздеріңіз мені қанаттандырып жатыр, күш беріп жатыр. Баршаңызды кинода күтемін», – деді Мөлдір Мұқанова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.