in

Маңғыстау облысында газ ұңғымасындағы апат салдары жойылды

6 маусым күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Толқын» кен орнында №57 ұңғымадан газ-су қоспасының құбыр кеңістігі арқылы шығуы тіркелді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Апатты жою үшін оқиға орнына ТЖД күштері мен бірнеше мұнай сервис компанияларының мамандары тартылды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, арнайы жоспар жасалды. Ұңғыма сағасы зерттеліп, құбыр кеңістігі арқылы ұңғыманы жабу жұмыстары жүргізілді. Ағып кетуді тоқтату үшін жаңа қорғаныс құрылғысы орнатылды. Өрт қауіпсіздігі үшін 60 метр қашықтықта су жинау траншеясы қазылды.

Апат кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның нақты себебі анықталуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз