Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Заңдағы өзгерістер нәтижесінде кейбір қазақстандықтар мемлкеттік грантты өтеуден толық босатылмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Енді мүгедек баласы бар немесе ауыр науқас туысын бағып отырған түлектер грантты өтеуден босатылады. Ал шетелде оқуын жалғастырып жүргендерге (резидентура, магистратура, аспирантура, докторантура) оқуын аяқтағанға дейін кейінге қалдыру құқығы беріледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, “AMANAT” партиясының мүшесі Ринат Зайыт айтты.
– Мүгедек баласы бар немесе бірінші топтағы мүгедек жанды бағып отырған болса, мемлекеттік грантты өтеуден босатылады. Ал шетелде білім алып, ғылыми жобалармен айналысып жатқан жастар мерзімін шегере алады. Яғни, толық босатылмайты, тек кейінге қалдыруына болады. Себебі қазір бізге халықаралық деңгейдегі үлкен компаниялар мен корпорацияларда оқып, жұмыс істеп келген тәжірибелі мамандар керек. Сол үшін осындай норма енгіздік, – деді депутат.