Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
1973 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған.
1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының № 24 орта мектебін тәмамдады.
1) 1993 жылы – ҚР ҚК кіші офицерлері курсы (Мотоатқыштар әскерлерінің офицері);
2) 1994 жылы – Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі;
3) 2006 жылы – «Қайнар» университеті (Педагогика және психология);
2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (Әскери және әкімшілік басқару);
4) 2019 жылы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (Әскери істегі стратегиялық менеджмент).
Үйленген, 4 баласы бар.
Еңбек жолы
1991 жылдан 1993 жылға дейін мерзімді әскери қызмет атқарды.
Взвод командирінен бастап Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығына дейінгі лауазымдарда әскери қызмет атқарды.
2023 жылдың ақпан айынан бастап 2024 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы болды.
2024 жылғы 5 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен “Батыс”өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
II дәрежелі «АЙБЫН» орденімен, мерейтойлық медальдармен және “Мінсіз қызметі үшін” медальдарымен наградталған.
