in

Мемлекет басшысы Рим Папасын сайлануымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

– Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта. 

Президент әртүрлі діни-наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі рет  сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді.