in

Микро және шағын бизнес үшін «таза парақ»

Қазақстан Республикасының Үкіметі экономиканы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді түзету туралы шешім қабылдады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешімге сәйкес мынадай құжаттарды бекіту көзделеді:

Аталған қағидалар жобалары 2026 жылғы 12 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды. Олардың күшіне енуінің жоспарланған мерзімі — 2026 жылғы ақпан айының басы.

 Қосымша ұйымдастырушылық жедел шаралар

Камералдық бақылау мынадай жағдайларды қоспағанда:

2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін есептелген салықтық міндеттемелер бойынша берілген салықтық есептілікке қатысты жүргізілмейді.

Бұл шектеу 2025 жылғы 17 желтоқсан күнін негізге ала отырып енгізілді және 2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияны, сондай-ақ 2025 жылдың төртінші тоқсаны үшін өзге де декларацияларды салықтық міндеттемелерді көрсетпей ұсыну тәуекелдерін барынша азайту мақсатында белгіленді. 

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салықтық тексерістер жүргізілмейді, мына жағдайларды қоспағанда:

Құқық қорғау органдарының материалдары негізінде басталған талап-арыздар бұл шектеуге жатпайды. 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтар істерін қозғау тоқтатылады.

 Шаралардың мақсаты

«Таза парақ» тәсілін жүзеге асырудың мақсаты:

Сонымен қатар  Премьер-Министр Олжас Бектеновтің фискалдық саясатты дамыту және Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін цифрландыру мәселелері бойынша өткен кеңесте берген тапсырмасына сәйкес, Қаржы министрлігі Салық кодексіндегі өзгерістерге бизнестің бірқалыпты бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жыл бойы микро және шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептемеу мәселелерін қосымша пысықтауда.