in

«Мұздайын деген жүрегімді жібіткен»: Тамара Асар қызын туған күнімен құттықтады

Танымал әнші Тамара Асар қызын туған күнімен құттықтап, ерекше жазба жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парағында жазды. 

“Алланың берген АЖАРЫ, амандығың мен бақытыңды қызықтауды жазсын.

Үзілейін деген үмітімді жалғаған,

Мұздайын деген жүрегімді жібіткен, ШҮКІРГҮЛІМ-ау!

Бапасының жүрегі, мамасының тілегі, ағаларыңның артынан ерген өрісі денің сау, бауырың бүтін, өміріңнің еркетайы бол балапаным…”, – дейді әнші қызы түскен бейнебаянды жүктеп.