in

“Несиені жауып тастаймын” деп қылмысқа барған шымкенттік келіншек өкінішін айтты

  Есірткі тасығаны үшін сотталған 23 жастағы шымкенттік келіншек қылмысқа несиені жабу үшін барғанын айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Instagram парақшасы  “Таза парақтан басталған өмір: сотталғанның арманы” атты айдар жүргізіп, жазасын өтеп жатқан қылмыскерлердің өкінішін жариялап отыр.

 Айтуынша, ол Telegram желісінен жеңіл табыс туралы жарнаманы көріп, салдарын түсінбестен келіскен. Сондағы мақсаты –  несиелерін жауып алу. Содан кейін бұл іспен айналыспаймын деп ойлаған. Алайда әр іс үшін жауап беру қажет.

Полиция қызметкерлері оның заңсыз әрекетінің жолын кесті. Салдарынан келіншек ҚР ҚК-нің 297-бабы  3-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

 “Қазір ол істеген ісінің ауырлығын түсініп, істеген ісі үшін өкініп отыр. Жазасын өтеу барысында бостандықтың, отбасының қадірін түсініп, әсіресе кішкентай балаларын сағынған. Сотталушының айтуынша, түрме – ешкімнің түспеуі тиіс жер. Ол бостандыққа шыққан соң өмірін таза парақтан бастап, адал және заңды жолмен өмір сүретінін айтты” – деп жазылған парақшада. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от ҚР ІІМ ҚАЖК/ КУИС МВД РК (@kuis_kz)