Соңғы жарыс күні біздің спортшылар 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Пневматикалық винтовка (соло), 10 м:
Александра Ле – күміс
Елизавета Безрукова – қола
Пневматикалық тапанша (соло), 10 м:
Валерия Попелова – күміс
Барлығы біздің команда еншісінде 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль бар. Алдыңғы 2 жарыс күнінің жүлдегерлері:
Пневматикалық винтовка, 10 м:
Дмитрий Ким – алтын
Александра Ле – күміс
Қазақстан құрамасы (Александра Ле, Дмитрий Ким) – күміс
Пневматикалық тапанша, 10 м:
Валерия Попелова – қола
Айта кетейік, Гянджада барлығы спорттың бұл түрінен 8 елден келген 51 мерген жүлдеге таласты. Осыған дейін Беларусь Республикасында өткен ll ТМД елдері ойындарында нысана көздеуден Қазақстан 2 қола медальға иелік еткен.
Әзербайжандағы жарыс 8 қазанда мәресіне жетеді. Қазір Қазақстанда 9 алтын, 24 күміс пен 45 қола медаль бар (жалпыкомандалық есепте 5-орында).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.