Армения премьер-министрі Никол Пашинян ел тәуелсіздігіне ең үлкен қауіптің бірі – Қарабақ тақырыбын саясатта ары қарай ұстап тұру екенін айтты. Ол бұл пікірін 1990 жылдың 23 тамызында қабылданған Тәуелсіздік декларациясының мерейтойына орай жасаған үндеуінде жеткізді
Пашинянның айтуынша, сол кездегі саяси ахуал мен кеңестік дәуір қалыптастырған қақтығысқа бейім ұлтшылдық көзқарас Қарабақ қозғалысының тууына себеп болды.
«Барлық мәліметті сараптай отырып түйгенім – Қарабақ қозғалысын жалғастыру Арменияның тәуелсіздігін жоққа шығарады», – деді ол.
Премьер-министрдің сөзінше, Армения қазір тәуелсіздігін қорғауды басты мақсат етіп отыр. Бұл жолда Әзіербайжанмен бейбіт келісімге келу мүмкіндігі ашылған, Түркиямен нақты диалог орнауда, ал Грузия мен Иранмен қарым-қатынасты тереңдету қажет.
Айта кетсек, Арменияның Тәуелсіздік декларациясында Қарабақ Арменияның жері деп көрсетілген. Конституцияда да осы құжатқа сүйенген бап бар. Ал Әзеірбайжан бейбіт келісімге қол қою үшін Ереваннан Конституцияны өзгертуін талап етіп отыр.