Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісін жаңадан тағайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мағжан Жанботаұлы Ілиясов 1974 жылы 26 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, – делінген хабарламада.
Білімі
Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (1996 ж.), бакалавр дәрежесі.
Дипломаттарға арналған оқу курстары, Клингендал халықаралық қатынастар институты, Гаага, Нидерланды (1998)
Гарвард университеті Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебі (2013), мемлекеттік басқару магистрі.
Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс
Еңбек жолы
1996-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар департаментінің референті, атташесі.
1998-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы және Халықаралық экономикалық ұйымдар департаментінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.
1999-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының халықаралық сапарлар бөлімі.
2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2013 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2013-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2016-2020 жж. – Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Тұрақты өкіл.
2020-2022 жж. – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі.
2022 жылғы 6 қазаннан бастап – Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі.
2023 жылғы 18 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Исландия және Ирландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарып келді.