in

Пәтер сатып алмас бұрын білуіңіз керек 8 маңызды ереже

Пәтер сатып алу — маңызды әрі жауапты шешім. Бұл қаржылық қана емес, заңдық тәуекелдермен де байланысты. Krisha.kz сарапшылары пәтер сатып алу кезінде алданып қалмау үшін мынадай маңызды жайттарға назар аударуға кеңес береді:

 

Құжаттарды мұқият тексеріңіз. Қате немесе түзету бар құжаттар жарамсыз. Тек түпнұсқа талап етіңіз.

Сенімхатпен сату қауіпті. Иесінің өзі қатыспаса, мәміледен бас тартқаныңыз дұрыс.

Заңсыз қайта жоспарлау (балконды қосу, қабырға бұзу) пәтерді ипотекаға рәсімдеуге немесе кейін сатуға кедергі келтіреді.

Құрылыс жүріп жатқан үйден пәтер аларда міндетті түрде заңды құжаттарын тексеріңіз. Тек үлестік қатысу шарты (ДДУ) арқылы сатып алыңыз.

Мансард не цоколь қабаттағы пәтерлер кейде заң жүзінде “техникалық” болып есептеледі – сот арқылы да тартып алынуы мүмкін.

Жиі сатылған пәтерлерден сақ болыңыз. Бұл мүлікке қатысты дау немесе қарыз болуы мүмкін.

Мұрагерлікпен алынған пәтерде кейін жаңа мұрагерлер пайда болуы мүмкін. Алдын ала нотариустан тексертіп алыңыз.

Сатушы күдік тудырса (жасы үлкен, мінез-құлқы оғаш) – мәміледен бұрын психикалық денсаулығына қатысты анықтама сұрауға құқығыңыз бар.