in

Ресейдегі газ құбырындағы апат: Энергетика министрлігі түсініктеме берді

Қазақстанға Ресейден газ жеткізу және еліміздің аумағы арқылы Өзбекстанға газ транзиті жоспарлы көлемде жалғасып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрінің кеңесшісі, ведомствоның ресми өкілі Әсел Серікпаева мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

Оның айтуынша, газ жеткізу қолданыстағы келісімшарттар мен өтінімдерге сәйкес жүзеге асырылуда. Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінде ешқандай ауытқу тіркелмеген.

"Аталған оқиға Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен жабдықтауға әсер етпейді", – деді Серікпаева.

Сондай-ақ ол "Газпром" компаниясынан диспетчерлік арналар арқылы газ жеткізу режимін өзгерту туралы өтініш түспегенін атап өтті.