«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының келесі учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс жабық, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақмола облысы:
– Қостанай облысының шекарасы — СҚО шекарасы;
– Қостанай облысының шекарасы — Сұрған ауылы;
– Балкашин ауылы — Атбасар қаласы;
– Астрахан ауылы – Атбасар қаласы;
– Жақсы ауылы – Бұзылық ауылы.
Қостанай облысы:
– Октябрьский кенті — Ақмола облысының шекарасы;
– Арқалық қаласы — Ақмола облысының шекарасы.
Cолтүстік Қазақстан облысы:
– Ақмола облысы шекарасынан Достық ауылына дейін.
Жолды 2026 жылғы 10 наурызда сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Қазақстан ТЖМ ескертеді!
Елдегі ауа райының нашарлауына байланысты келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
дауыл туралы ескертулерді қадағалау;
жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру;
алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
