in

«Рингтің орнын тойхана басады»: Тұрсынғали Еділов боксшы Нұрбек Оралбайдың атаққа мастанып кеткенін сынады

Қазақстан бокс құрамасы Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында күтпеген нәтижелер де көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Үкілеп баптаған 9 боксшының ішінен тек төртеуі ғана жартылай финалға дейін барып отыр. Күні бүгін ауыр салмақтағы боксшымыз Айбек Оралбай финалдық кезеңге жолдама алды. Бірақ ұлттық құрамадағы бірнеше фаворит ширек финалға да жетпей жарыстан шығып қалды.

Кезіндегі Бекзат Саттархановтың бапкері болған, белгілі спортшы Тұрсынғали Еділовтің айтуынша, мәселе тек төрешілікте емес, спортшылардың өзінде де бар.

«Нұрбек Оралбай Олимпиададан кейін тоқтап қалды. Тойдан шықпай жүрді. Бізде боксшыларға артық марапат көрсетіп, кортежбен алып жүру әдетке айналды. Егер осыны тоқтатпасақ, рингіміздің орнын тойхана басады», – деді ол.

Т. Еділовтің пікірінше, қазақ боксын қайта өркендету үшін артық даңқ емес, тәртіп пен аштық сезімі қажет.