Абай облысының ТЖ қызметіне Семей қаласындағы көпқабатты үйдің бір пәтерінде кішкентай баланың жалғыз қалғаны туралы хабар түскен Анасы далаға шығып кеткен сәтте есіктің сыртынан жабылып қалғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Оқиға орнына құтқарушылар тобы дереу жетіп, терезе торын шешу арқылы пәтерге кіріп, есікті ішінен ашқан.
Бөлмеде 2023 жылы туған сәби болған. Құтқарушылардың айтуынша, бала аман-есен, медициналық көмекке жүгінудің қажеті болмаған.
