«Қазгидромет» РМК дауылды ескертулер туралы мәлімдеді. Еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты жел, боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 20–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, бұл жолдағы жағдайды қиындатып, көлік қозғалысына әсер етуі ықтимал, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ең күрделі ауа райы жағдайы солтүстік және шығыс өңірлерде болжанып отыр, бұл аймақтарда қар жауып, боран соғып, жауын-шашын болуы мүмкін.
Сондай-ақ кейбір өңірлерде тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 13 наурызда көктайғақ күтіледі. Таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 13 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 13-14 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.
13-15 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
13 наурызда түнде Ақмола облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
13 наурызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
13 наурызда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
13 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
13 наурызда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
13 наурызда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 13 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
13 наурызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 наурызда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
13 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
13 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
13-14 наурызда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.
