Шымкенттік кәсіпкердің тегін балмұздақ таратуы заңға қайшы келіп, жауапқа тартылды. Бұл туралы Аikyn.kz сайты Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде “Тұран-2” ықшамауданындағы “Жаңалық” сауда үйінің жанында тегін балмұздақ таратылған. Қайырымды істің арты айқай-шуға ұласып, бір-біріне балмұздақ лақтыра бастаған.
Салдарынан ұйымдастырушыға 50 АЕК, яғни 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қоғамдық орында тыныштықты бұзып, қауіп төндіруге себепкер болғаны үшін айыпталды.
Сонымен қатар ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.