in

Тоқаев БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен жүздесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапары аясында БҰҰ-ның 8-ші бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен жүздесті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.

Кездесуде мемлекет басшысы дамушы елдердің "жасыл экономика" моделіне көшуіне қолдау білдіретін GGGI қызметінің маңызына тоқталған. Ол әлеуметтік тұрақтылықты, климат өзгерістеріне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму саласындағы табыстарын құптап, дүниежүзілік климат күн тәртібі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеген.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы пікір алмасқан.