Мемлекет басшысы Ирак Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтаған.
Президент Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тілеген.
Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірген.
