Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Кореядағы және Мьянмадағы төтенше және өкілетті елшілерін тағайындады, деп хабарлайды astana24.com Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Асет Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма одағы республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрғали Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
