in

Тоқаев 9 мамырда өтетін салтанатты парадқа қатысу үшін Мәскеуге барады

Қазазқстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатысатын болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Смадияров бұл ақпаратты Telegram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады

Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды", – деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.