in

Трамп пен Си не жөнінде келісті? Пусан кездесуінің басты нәтижелері

2025 жылдың 30 қазанында Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Кореяның Пусан қаласында бетпе-бет кездесті. Келіссөз қорытындысы бойынша екі ел сауда, энергетика және геосаяси мәселелерді қамтитын бірқатар уағдаластыққа қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

АҚШ Қытайдан келетін импортқа салынған тарифтерді шамамен 57 пайыздан 47 пайызға дейін төмендетеді. Қытай өз кезегінде сирек кездесетін элементтердің экспортына жаңа шектеулерді бір жылға кейінге қалдыруға келісті. Сондай-ақ тараптар фентанил прекурсорларының өндірісі мен экспортына бақылауды күшейту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Тараптар сауда мен технология саласындағы кейбір қарсы шараларды уақытша тоқтату туралы да шешім қабылдады. Кездесу барысында Трамптың Қытайға, ал Сидің АҚШ-қа сапарлары жоспарланды.

Келіссөзде Украина мәселесі де қозғалды. Трамптың мәлімдеуінше, Си Цзиньпин Қытайдың Ресей мен Украинаның соғысын тоқтату бағытында АҚШ-пен бірлесіп әрекет етуге дайын екенін білдірді. Сонымен қатар Вашингтон Мәскеуге қарсы жаңа энергетикалық санкциялар енгізу арқылы Ресейге қысымды күшейтпек.

Сарапшылар бұл кездесу толыққанды стратегиялық келісім емес, АҚШ пен Қытай арасындағы ұзаққа созылған шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған уақытша дипломатиялық ымыра ретінде бағаланып отыр.