in

Тыныштық күзетшісі

Астана қаласындағы полиция бөлімше­лерінің бірінде бізді капитан Жігер Кәкім­сейі­тов қарсы алды. Ол ішкі істер са­­ласында он жылдан астам уа­қыт еңбек етіп келеді. Әрбір қыз­­­­­меткер жұмысқа кіріспес бұ­рын формасын киіп, құрал­да­рын түгелдеп, кешкі жиынға қа­тысады. Сағаттың тілі алты жа­рым мен жетінің арасында сап­тық тексеру жүргізіледі. Жеті жарымға дейін экипаж авто-көліктері тексеріледі, қызметкерлер алкотест және қан қысымын тексеруден өтіп ба­рып, қызметке кіріседі екен. 

– Әр күн – жаңа сынақ. Қай уа­қытта, қай жерде не боларын еш­қашан алдын ала болжау мүм­кін емес. Әр жұмысқа шық­қан сайын үйге аман-есен оралу – үлкен сұрақ, – дейді капитан Жігер Кәкімсейітов. 

Экипаж құрамына капитан Жігер Кәкімсейітов пен аға лей­тенант Мінтемір Әбілқайыр кірді. Олар қыз­меттік көліктері-не отырып, са­ғат сегізге дейін Алматы ауда­нын­дағы белгіленген өз терри­торияларына жол тартты. Сағат сегіз болған сәттен бастап, пат­руль көлігімен қала көшелерін аралауға шықтық. Бастапқыда халық көп жина-латын орындар тексерілді: аял-дама, саябақ, ба­зар маңы. Қызметкерлер әр кө­лікті, әр бұрышты жіті назарда ұста­ды. Жол қозғалысы ережесін бұзған көлік иелеріне де ауызша ескерту жасалып, түсіндірме жұ­мыстары жүргізілді. Кейін рация арқылы хабарлама келіп түсті: «пәтер маңында айқай-шу». Оқи­ға орнына жеткенімізде, көр­­шілер арасында дау шық­қа­ны белгілі болды. Мәселе екі әйел­дің бір-бірінің рұқсатынсыз те­лефон камерасына түсіруінен бас­талған екен. Полиция екі та­раппен де сөйлесіп, жанжалды ушық­тырмай шешіп берді. 

– Біздің міндет – тек ереже сақ­­тау емес, көбіне психолог болу, сабырға шақыру, – деп тү­сін­дірді капитан.

Көп ұзамай рациядан шұғыл ха­барлама түсті: Б.Момышұлы мен М.Жұмабаев даңғыл­да­ры­ның қиылысындағы «Жерұйық» сая­бағының кіреберісінде кү­мән­ді әйел күтіп тұр екен. Куә­гер­лердің айтуынша, ол есірткі әсе­рінде болуы мүмкін. Поли­ция оқиға орнына бес минут ішін­де жетті. Әйелдің жүріс-тұ­ры­­сы мен сөйлеу мәнері қалып­ты емес еді. Құжат тексеру кезін­де ол қарсылық көрсетіп, тү­сі­­ніксіз сөз­дер айтып, өз әрекетін түсін­ді­ре алмады. Кейінірек оның үс­тінен есірткі заттарының иісі анық байқалды. Ал медицина­лық сараптама жасауға бара жат­қан жолда өз еркімен кінәсін мойындады. Медициналық са­рап­тамадан кейін әйелді жер­гі­лік­ті Алматы ауданының поли­ция бөлімшесіне жеткізіп, іс тір­келді. Осылайша, полиция қыз­меткерлері нашақорлықтың тағы бір көрінісін әшкереледі. Денсаулық сақтау министрлігі Ме­дициналық көмекті ұйым­дас­тыру департаменті басқар­ма­сының 2024 жылғы деректеріне сүйенсек, психоактивті заттарды қол­дану салдарынан «психи­ка­лық мінез-құлық бұзылыстары» диагнозымен 108 722 адам дина­ми­калық бақылауда тұр. Оның ішінде есірткі мен психотроптық заттарға тәуелді 18 329 адам бар. 

– Мұндай жағдайлар өкініш­ке қарай жиі кездеседі. Ең қиы­ны – адамның өзіне де, айналаға да қауіп төндіруі, – дейді аға лей­те­нант Мінтемір Әбілқайыр.

Сағат он екі жарым шама­сында кезекті шақырту түсті. Бір үйден қатты айқай-шу естілгені туралы көршілері хабарлаған. Оқи­­ға орнына барғанда, поли­ция қызметкерлері ерлі-зайып­ты­ның ауладағы жанжалының үс­тінен түсті. Кикілжің күйеуі­нің қызғанышынан туған екен. Жағдай шиеленісіп тұр. Күйеуі өте ашулы, көзі алайып кеткен. Әйелі үстел үстіндегі телефонды көр­сетіп, айқайын үдете түсті. «Не­ге ол олай болады?», «Кім бұл?» деген қарапайым сұрақ­тар­ды қайта-қайта қоя береді. Полиция екі тарапты бірден ажы­ратып, жеке-жеке сөйлесуге тырысқанымен, бір бітімге келе алмады. Әуелі ашулы әйелмен сөйлескен капитан оған дауыс көтерудің, эмоциямен шешім қабылдаудың кері әсері туралы түсіндірді. Әйел әлі де ашуын баса алмай тұр. Кейін күйеуімен әңгімелескенде, оның да ашулы күйде екені анық байқалды. Алай­­да ол полиция қызметкері­нің сабырлы даусы мен байыпты сөздерінен кейін бәсеңдей бас­тады. 

– Кейде отбасындағы ұсақ-түйек – үлкен жанжалға айна-лып кетуі мүмкін. Бірақ біз он-дай­да эмо­цияны емес, сөзді, са­бырды қол­дануымыз керек, – деді ка­пи­тан Жігер Кәкім­сейі­тов жұпты қайта сөйлестірмес бұрын. 

Соңында ерлі-зайып­ты­лар­дың екеуі де сабасына түсіп, бір-біріне түсіністікпен қарауға ты­рысты. Хаттама толтырыл­ма­ды, алайда полиция түсіндірме жұ­мыстарын жүргізіп, қажет бол­­са, отбасын қолдау орталы­ғы­на жүгінуге кеңес берді. Бұл бір қарағанда – қарапайым ғана ұрыс. Бірақ мұндай жағдайлар күн сайын қайталанып, психо­ло­гиялық, әлеуметтік қиындық­тар­ға әкелуі мүмкін. Полиция бұл жерде тек заң күзетшісі ғана емес, татуластырушы, тыңдау­шы, кеңесші рөлінде болды. 

Сағаттың кіші тілі түнгі бір жа­рымнан асқанда рация арқы­лы тағы бір хабар түсті: тұрғын­дар­дың айтуынша, көпқабатты үй ауласында бірнеше сағат бойы қозғалыссыз тұрған кү­мән­ді кө­лік бар екен. Ішінде еш­кім жоқ, есі­гі жартылай ашық. По­ли­ция көлігі оқиға орнына жылдам жет­­ті. Капитан Ж.Кәкімсейітов ал­ды­мен аумақты шолып шық­ты, кө­лік айналасы тексерілді. Қауіп­сіздік мақсатында ішке де үңілді. Көлік ішінде адам да, кү­дік­ті зат та болған жоқ. Есік то­лық жабылмаған, сірә, иесі асы­ғыс кеткен болуы мүмкін. Бір­ақ мұндай хабарламаның еш­бірі назардан тыс қалмайды.

– Жай тұрған көлік те қауіп кө­зіне айналуы мүмкін. Әр ша­қыртуды тексеру – біздің мін-дет, – дейді капитан Ж.Кәкім­сейі­тов.

Көлік иесі анықталып, тү­сін­діру жұмысы жүргізілді. Оқиға қауіпсіз аяқталғанымен, бұл – сақ­тықтың, кез келген мәлімет­ке мән берудің маңызын көрсет­кен эпизод болды.

– Кез келген жағдайға бізді жі­береді, қайта бүгін аптаның ор­тасы жұмыс күні шақырту аз, адам аз. Жұма, сенбі, жексенбі күн­дері келуің керек еді. Адам­мен сөйлескенде қиындықтар туады. Заң білмегендіктен өзіңе қар­сы шығады. Адамдар бос уа­қытында заң оқыса, қайта бізге де жақсы. Білмейтін жерін, заң­ды түсіндіріп айтсаң, «ондай жоқ» деп тыңдамайды. YouTube, TikTok сияқты әлеуметтік же­лілерден бізге қарсы бейне­жаз­балар қарап алады да, оның рас-өтірік немесе бар-жоғын біл­мей, соған еліктейтін адамдар көп. Заң жүзінде түсіндіріп жат­саң, қарсы шығады. Айтарым: халық құқықтық сауатты оқып, көзі ашылса деймін. Қиын­дық­тың бәрі сол адамдармен жұ­мыс істеген кезде болады. Ештеңе түсінбей, ақ-қарасын ажырат­пай, қарсылық танытады. Бө­лім­шеге апарсақ, оған ренжиді. Жалпы, сондай дүниелер өте көп, – дейді аға лейтенант Мін­те­мір Әбілқайыр. 

Бір күн бойы полиция қыз­мет­керімен бірге жүріп, олардың жұ­мысының сырт көзге көрін­бей­тін, бірақ маңызды тұстарын тү­сіндім. Тәртіп пен заңды сақ­тау үшін тек қатаң мінез емес, үл­кен сабыр, мейірім және адам­мен жұмыс істей білетін икем керек. Полиция форма­сы­ның ар жағында жай ғана қыз­меткер емес, сенім мен жауап­кер­шілікті ұстаным ретінде қа­лыптастырған адам тұр. По­ли­ция қызметі – бұл жай ғана құ­қық бұзғанды ұстау емес. Бұл – адамдар арасындағы дауды шешу, қауіптің алдын алу, кейде жан-жақты тыңдап түсіндірумен қа­тар, ел тыныштығын күзетіп тұрған азамат екенін түсіндік. Айта кету керек, биыл – Қазақ­стан полициясының құрылға­ны­на 33 жыл. Осыған орай, жыл сайын 23 маусымда бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныш­тығы мен қауіпсіздігін күзететін Полицейлер күні аталып өтеді.

 

Абылайхан ДҮЙСЕНБЕК, ЕҰУ студенті