Түркияның Baykar компаниясы жасаған AKINCI ұшқышсыз әскери ұшағы Roketsan шығарған ÇAKIR зымыранын сынақтан сәтті өткізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
TRThaber мәліметінше, зымыран төмен биіктікте ұшып, нысанды өзі тауып, дәл соққы жасады.
Бұл сынақ зымыранның ақылды (автономды) түрде жұмыс істей алатынын және нақты нысанаға тигізе алатынын көрсетті.