Түркістан облысының Отырар ауданында үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйде газ жарылысы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдай 30 қазан күні Шәуілдір ауылында кешке болған. Мәлімет бойынша, жарылысқа тұрғындар газ жүйесіне өз бетінше қосылуы себеп болған.
“Бір адам зардап шегіп, бірнеше пәтер бүлінді. Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жүргізіліп жатыр”, – делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында.
QazaqGaz Aimaq АҚ газға өз бетінше қосылуға қатаң тыйым салынатынын және оның адам өмірі мен қауіпсіздігіне зор қауіп төндіретінін ескертеді. Газ жабдықтарын қосу және техникалық қызмет көрсету тек лицензиясы бар мамандар тарапынан жүзеге асырылуы тиіс.
