in

Түркістан облысында мәслихат депутаты өз қаржысына тұрғындарға көпір салып берді

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұржан Әшіров Шарбұлақ ауылының тұрғындарына жаңа көпір салып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауы кезінде ауылдағы жалпы білім беретін орта мектеп директоры Бегалы Рысқұлов ауылдың төбе биімен бірге облыстық мәслихат депутатының қабылдауына барған. Кездесуде олар ауылдың екі беткейін байланыстыратын көпірдің апатты жағдайда тұрғанын айтып, көмек сұраған.

Аталған көпір арқылы күн сайын 800-ге жуық оқушы мектепке қатынайды. Облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әшіров тұрғындардың өтінішін ескере отырып, өз қаражаты есебінен 50 миллион теңгеге жаяу жүргіншілер көпірін салып берді. Көпірдің ұзындығы 70 метр, ені 3 метрді құрайды.