in

Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен 13 елді мекен ауызсумен қамтылады

Оның 12-сі Түркістан облысының Келес ауданында. Атап айтқанда, 5 млрд теңгеге жуық қаражатқа Жүзімдік, Бірлік және Ақтөбе ауылдық округтеріндегі 13 елді мекен таза ауызсумен қамтылады.

Қазір мердігер мекемелер анықталып, ұңғыма қазу мен құбырлар тарту жұмыстары басталып кетті. Жобалар аяқталған соң 13 мыңнан аса халық тұрақты түрде тіршілік нәрін тұтына алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.