in

«Финалда өзбек боксшысымен шығады»: Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионы Ла Крузды ұтты (ВИДЕО)

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Крузбен (Куба) өзара мықтыны анықтады.

Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Екінші және үшінші кезеңде басымдығын сақтап қалған жерлесіміз жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатының алдын жүлдесі үшін бақ сынайды.