in

«Футболшылар таксист болған»: Елдос Ахметов «Тараз» клубындағы бір оқиғаны еске алды

Тәжірибелі қорғаушы Елдос Ахметов 2022 жылы “Тараз” футбол клубында болған қиын сәттердің бірін еске түсірді. Бұл жайлы ол “Бірінші гол” арнасында айтты. Сол жылы клубта 3–4 ай бойы жалақы төленбей, футболшылар күнкөріс үшін әртүрлі жұмыс істеуге мәжбүр болған.

“Кейбір жігіттер таксист болып кетті, енді бірі басқа жұмыс тапты. Біз бәріміз жиналып, енді алаңға шықпаймыз деп шештік”, – дейді Ахметов.

Алайда кезекті матчқа 30 минут қалғанда, әкімдіктен басшылық келіп, бір апта ішінде барлық қарыз өтелетінін уәде еткен. Осыдан кейін ғана команда ойынға шыққан. “Сол ойында 1:0 есебімен жеңіске жеттік”, – деп бөлісті ол.