Шымкентте науқастарды зорлаған психдиспансердің қызметкерлеріне үкім оқылды. Түркістан облысындағы психикалық денсаулық орталығының бұрынғы жұмысшыларына 15 жыл жазаға кесілді. Бұл туралы Aikyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
14 жылдан бері облыстық психдиспансерде жұмыс істеген қызметкерлер былтыр 17 және 21 жастағы емделуші «зорлады» деп айыптаған. Кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалған. Бірақ түсік тастап, шарананың әкесі сол күйі анықталмаған көрінеді. Сот үкім оқыған кезде жәбірленуші мен айыпталушының жақындары бір-бірімен айғайласып шу шығарды. Тіпті, ауыр жаза арқалағандар бір ғана арыз бойынша сотталып кеткенін айтып, апелляциялық шағым түсірмек.
Ал жәбірленушілер үкімге риза болып, зорлықтың қалай болғанын айтып берді.
Жәбірленуші: «Екеуі бірге емес, жеке-жеке. Нұрбек және Нұрлан деген адамдар. Арықтау келген сарғышы, екіншісі томпақтау келгені, күші көп. Менің шамам келмейді, дәрі ішкеннен кейін әлсірейсің. Ондай түрме сияқты жерден қашып кетуге жағдайың жоқ. Шамамен екі рет, қысқасы, өз қалауымсыз іске асырды», – дейді.
Бұған дейін жәбірленушілер әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін хабарлаған болатынбыз.