in

Этнография залы ашылды

Музейде этнография залы бұрынан жұмыс істейді. Десе де, оған барлық құнды жәдігерді сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан басшылық жаңа зал ашуды қолға алған. Қазір мұнда 258 жәдігер, соның ішінде 47 бірегей кілем бар.

«Басты мақсатымыз – асыл мұраларды көпшілікке таныстырып, халқымыздың мәдени байлығын дәріптеу. Қорымызда екі жарым ғасырлық тарихы бар жәдігерлер бар. Соларды тұрақты түрде көрсетіп, болашақ ұрпаққа жеткізу – музейдің ең басты миссиясы», – деді Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы. 

Жаңа залда XIX-XX ғасырлардағы зергерлік әшекейлер, кілемдер мен киіз бұйымдары (сырмақ, текемет), ұлттық киім үлгілері (ер адам, әйел, қалыңдық пен күйеу жігіттің киімі), тұрмыстық бұйымдар (сандық, кебеже, асадал) ұсынылған. 

Айбике ЖАНАСЫЛ