Қазақстандағы телеарналардың бірінде қызмет ететін танымал журналист Ақбөпе Тәңірберген әлеуметтік желіде мәһрге не сұрағанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасына мешіттегі неке қию рәсімінен видео жариялады. Видеода имамның Ақбөпеден мәһрге не қалайтынын сұрады. Ол күйеуі Диас үш сиыр алып беремін деп уәде бергенін айтады.
Имам: «Алла қаласа, Диас бауырымыз Ақбөпе қарындасымызға үш сиыр алып береді» деп сөзін аяқтады.
Айта кеткен жөн, А. Тәңірберген осыған дейін «Әкімдер» жобасын қазақша жүргізіп, аталған бағдарлама арқылы көптің сүйікті журналисіне айналған еді.