Белгілі кино және театр әртісі Гүлжамал Қазақбаева шетелде тұратын қызымен 13 жылдан соң жолықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әртістің айтуынша, қызына шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуға бір жыл рұқсат бермеген. Бірақ кейін барлық туысқанды шақырып, «қыздың бағын байламайық» деп, рұқсат еткен.
“Сағыныш деген жақсы да, қиын да сезім. Сағынышты сезінбеген адамның өмірі толыққанды деп те айта алмаймын”, – деді ол.
Осы сөздерден кейін актрисаның қызы Ләззат Әуезова 13 жылдан кейін анасын көру үшін “Алғашқы” бағдарламасына кіріп келді. Анасы мен қызы бір-бірімен жылап қауышып, Гүлжамал Қазақбаева жүргізуші Аман Тасығанға алғысын жаудырды.