Қазақстан-ОА-дағы балаларға туғаннан бастап кардиохирургия қолжетімді болатын жалғыз ел. 2024 жылы дәрігерлер ашық жүрекке 1 700-ден астам операция, оның 809-ы 1 жасқа дейінгі сәбилерге жасады.
Қазіргі заманғы технологиялар мен неонаталдық реанимацияның дамуының арқасында дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті. 2026 жылдан бастап I-III дәрежелі есту қабілеті нашар балалар жергілікті бюджеттің есебінен есту аппараттары мен аудио процессорларды алады.
Онкогематологиялық көмекті дамыту:
– жыл сайын 5 мың бала ем алады
– шетелде балаларды емдеуге жолдама 2 есе азайды (мұндай көмек Қазақстанда қолжетімді)
– балалардың қатерлі ісіктері кезінде жалпы өмір сүру деңгейі 75%-дан асты
Шұғыл көмек көрсету:
– Санавиация орталығы ауыр асқынулары мен жарақаттары бар 3 мыңнан астам әйел мен балаға қызмет көрсетті
– 2024 жылы медавиацияның мобильдік бригадалары 750-ден астам ұшуды (жүкті әйелдер – 165, балалар – 588) орындады, 647 бала мен 127 жүкті әйел тасымалданды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.