Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылғы ІІ тоқсандағы жалақының медианалық мөлшері (жалақы қатарындағы орталық деңгей) 316 152 теңгені құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық статистика Бюросының ақпаратына сәйкес.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, атаулы орташа жалақы 448 620 теңге болды. Атаулы жалақы индексі өткен жылдың сәйкес тоқсанына қарағанда 111,3% құрады.
2024 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда ең жоғары орташа айлық жалақы өсімі келесі салаларда тіркелді: ақпарат және байланыс – 24%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау – 16,9%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 16,1%. Денсаулық сақтау және білім беру салаларында орташа айлық жалақы 7,8%-ға өсті.
Аймақтық тұрғыда 2025 жылдың екінші тоқсанында орташа атаулы айлық жалақының ең жоғары өсімі Жетісу облысында – 18,4%, Астана қаласында – 15,4%, Алматы қаласында – 15,3%, Алматы облысында – 14,6% және Қарағанды облысында – 14% болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.