in

Қазақстанда тері мен жүнді қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттар қалпына келтіріледі

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Министр 2025 жылы ірі нысандар пайдалануға берілгенін атап өтті.

Олар:  Ақтөбе қаласындағы қуаты 2,2 мың тонна «Қазфельтек» жүнін қайта өңдеу жобасы;

Ақмола облысындағы қуаты 2,4 мың тонна «Агро Протеин» жемшөп қоспаларын өндіру жобасы.   

Саланы одан әрі дамыту мақсатында 9,9 млрд теңгеге 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар қосымша 1,3 млн тонна өңдеу қуатын іске қосады, — деді Айдарбек Сапаров.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.