Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар тағы екі қола медальға ие болды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
55 келі салмақта Арсен Жұма қырғыз балуаны Омур Ынтымак уулын айқын басымдықпен (10:0) жеңіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
72 келіде Юсуф Ашрапов грек спортшысы Арионас Колицопулосты 2:0 есебімен ұтты.
Ертең, 24 тамызда тағы екі қазақстандық қола жүлде үшін күреседі: Дамир Ибрашов (63 кг) пен Темірлан Тұрдақын (87 кг).
Осылайша, Қазақстанның қоржынында қазір үш медаль бар: күміс – Диас Сейткалиев (82 кг), қола – Арсен Жұма (55 кг) және Юсуф Ашрапов (72 кг).