Қорғаныс министрлігі неліктен Қазақстаннан Ресейге темір жол арқылы әскери техника тасымалданып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды astana24.com ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігі теміржол арқылы тасымалдануға дайын тұрған әскери техниканың фотоларын жариялады. Ведомстводағылардың айтуынша, бұл техника Ресейге жөнелтіледі, онда 24 қыркүйектен 3 қазанға дейін ҰҚШҰ оқу-жаттығуы өтеді.
Сондықтан 21 қыркүйек – 5 қазан аралығында Қазақстан Республикасы аумағынан Мисящ стансасына дейін (Челябі облысы, Ресей) және кері қарай теміржол көлігімен әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады.
Министрліктің хабарлауынша, оқу-жаттығулар барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында шеру дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады.
Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
"Өзара іс-қимыл – 2026", "Іздеу-2026" және "Эшелон-2026" оқу-жаттығулары тұрақты негізде Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өтеді.
"Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерге ғана назарға алуды сұраймыз.
Жалған ақпаратты тарату Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз", – делінген хабарламада.
