in

Қазақстанның оңтүстігінде ғана құрғақ және ыстық болады

Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында және Шымкент пен Алматы қалаларында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды.

Еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік және шығыс өңірлерде күндіз қатты жаңбыр жауып, бұршақ және қатты жел соғуы мүмкін. Қызылорда және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл болады деп күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігінде ғана құрғақ және ыстық болады.

ТЖМ азаматтарды далада от жағуға, ашық алаңда темекі тартпауға, шөпті қураған ағаштардың жанында жақпауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.